Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
«Криминальный Казахстан» Телеграм-арнасының мәліметінше, 2 қаңтарда Green Recycle ЖШС қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағында полиэтилен пакетке оралған 68 жастағы әйелдің бөлшектенген денесі табылған. Дененің басы мен аяқтары жоқ екені айтылды.
Алматы тұрғыны өзінің туған әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектегені анықталды.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қылмыс ізін суытпай ашылғанын мәлімдеді. Күдікті қамауға алынды.
Отправить комментарий