Атырауда туысы зейнеткерді өлтіріп, денесін өртеп жіберген
Атырауда 62 жастағы зейнеткердің денесі бөлшектеліп, өртелгені туралы ақпарат тарады.
🕵️♂️ Оқиға 7 ақпанға қараған түні болған. Дереккөз мәліметінше, оқиға орнынан бас сүйегінің бір бөлігі мен жамбас сүйегі табылған.
Қылмыстық іс қозғалды.
Полиция 35 жастағы туысын күдікті ретінде ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Отправить комментарий