АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН БОЛАШАҚ ЖОСПАРЛАР

Қазығұр ауданының білім бөлімінің басшысының айтуынша, аудандағы мектептер барлық қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. 2024-2025 оқу жылында 20 пән кабинеті ашылып, білім беру сапасын жақсартуға үлкен қадам жасалды. Облыс деңгейінде өткен пәндік олимпиадаларға 41 оқушы қатысып, олардың ішінен 9-10 сыныптың 20 оқушысы жүлделі орындарға ие болып, аудан мәртебесін асқақтатты.

Қазіргі таңда мектептердегі жылыту жүйесі мен асханалардағы балаларға ұсынылатын ыстық тағам сапасы білім бөлімінің тікелей бақылауында. Бұл – оқушылардың денсаулығы мен жайлылығына деген ерекше назардың көрсеткіші.

Аудан мектептеріне кірген сәтте-ақ тазалық пен тәртіптің жоғары деңгейде сақталғаны байқалады. Бұл – мекеме басшыларының өз жұмысына деген жауапкершілігі мен ұқыптылығын айқын көрсетеді. Білім ордалары тек сапалы білім беруге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге де ерекше мән беруде.

Мекеме басшылары алдағы жоспарларымен бөлісіп, қол жеткізген жетістіктерін мақтанышпен атап өтті. Ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері – қажырлы еңбектің жемісі. Осындай жанашыр және іскер басшылар мен ұлағатты ұстаздар көбейген сайын, білім ордаларының беделі артып, жас ұрпақтың болашағы жарқын болатыны сөзсіз.

Жақсы басшыны қолдау – ел ертеңіне салынған инвестиция. Сондықтан осындай іскер, жаңашыл тұлғалардың еңбегін бағалап, қолдау көрсету – барша қоғамның ортақ міндеті.

Отправить комментарий