БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыс кезінде 26 жастағы құтқарушы пышақ жарақатын алды
«Жедел мәлімет бойынша, Қараөзен өзені жағасында жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланған. Ол кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында», — деді ведомство өкілдері.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, шабуыл жасаған адам мас болған. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Отправить комментарий