Қоқысқа толған Қарашық ауылы
Кезекті түсіру тобы Сауран ауданы Қарашық ауылына жол тартты.Ондағы қоқыс полигоны,ауыл айналасы пластика заттар мен өлексеге толып,санитарлық талапқа сай болмай шықты.
Ауыл әкімдігі бұл қоқыстарды ауыл тұрғындары емес сырттан келіп-кетушілер тастайтынын айтты.Сондай-ақ,барынша осы мәленің алдын-алу бойынша да жұмыстар атқарып
жатырғандығын жеткізді.
Елімізде президентіміздің бастауымен «Таза Қазақстан» акцияы жүруде, мақсаты-табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту,және бұл акцияның жалғаса беретінін де атап өткен болатын.Ал бұл ауылда ол тек сөз жүзінде жүргізіліп іс жүзінде істелмегені ма?
Отправить комментарий