Қоқысқа толы — Жетісай

Қоқысқа толы — Жетісай

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласына Azatnews.kz редакциясы жол тартты. Ондағы мақсатымыз Жетісай қаласының қазіргі көрінісі мен ахуалын өз көзімізбен көріп, халықтың хал-жағдайымен танысу еді.

Көргеніміздей,көше бойы қоқысқа толы,суағар каналдар ластанып,іші пластикалық бөтелкелерге толған.Каналдың қоқысы мен тұрып қалған суынан жағымсыз иіс мүңкиді.Қала ішінде орналасқан каналдардың жанында ұзақ уақыт бөгелу мүмкін емес.Қыс болса өтті,көктемде жылжып,алда жаз мезгілі келе жатыр.Дәл осы мезгілде каналда тұрып қалған қоқыстар мен лас суларға шыбын-шіркей қонып,қала тұрғындарының одан-әрі мазасын алмасы сөзсіз!

Сондай-ақ,қаладағы тасжол мәселесін айтпай кетпеске болмас! Қала іші де, сырты да ойыс-ойыс.Құдды бір соқыстан аман қалған қала сықылды.Жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қала ішіндегі тұйық көшелерге тіпті тас төселмеген.

Редакцияның Жетісай қаласына келгенін естіген қала тұрғыны,әрі қоғам белсендісі Ербол Бекзатов қаладағы олқылықтарды,біздің журналистерге жіпке тізіп айтып салды.

Айтуынша,қаладағы орталық базарының маңы мен қаланың орталық көшелері,нақтырақ айтқанда Әуезов көшесіндегі арықтарда қоқыс толы,тазалық жұмыстары жүргізілмеген,жүргізілгеннің өзінде айына 1 рет қана тазалайды.Сонымен қатар, жаз мезгілінде орталық саябақтағы ағаштар мен көшеттер қараусыз қалып, суарылмайтындығын,қала әкімдігіне көңілім еш толмайтындығын айтты.

Отправить комментарий