«Отбасы Банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова, жоба әлі идея кезеңінде тұрғандықтан, егжей-тегжейін айта алмайтынын жеткізді.
Банк басшысының айтуынша, бұл жобаға тұрғындар арасында сұраныс бар. Қазақстанда 2025 жылы екі ипотекалық бағдарлама іске қосылады дейді.
«Бәріміз мұсылманбыз, бәріміздің намаз оқитын туыстарымыз немесе көршілеріміз бар. Пайыз харам болып саналады. Қазір Қазақстанда исламдық ипотека беретін екі банк бар. Намаз оқитындар үшін арнайы өнім жасау туралы көптеген сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жатыр», – деді ол.
Отправить комментарий