Отбасылық және гендерлік саясат – тең мүмкіндіктер кепілі

Сауран ауданында отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда. Гендерлік саясаттың негізгі мақсаты – ерлер мен әйелдерге тең құқықтар мен мүмкіндіктер беру.

Ауданда әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасалған. Олар білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызмет салаларында табысты еңбек етуде.

Сонымен қатар, әйелдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында да жүйелі шаралар қолға алынған. Арнайы дағдарыс орталықтары мен сенім телефондары жұмыс істейді.

Гендерлік теңдік – тек әлеуметтік әділдік қана емес, сонымен қатар экономикалық дамудың да маңызды факторы болып табылады.

Отправить комментарий