Отбасындағы жанжал тілі ұзын әйелден шығады 

Депутат Анас Баққожаев осылай деді.

«Еркектің ең сорлысы ғана әйелге қол көтереді. Дегенмен ұрыстың барлығы ұрудан шықпайды ғой. Алайда ерлерді де түсінуіміз керек. Жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзын болуынан. Мені әйелдер кешірсін. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақта «Жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс» немесе «Ерге жаққан әйел елге де жағады» дейді. Біз қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз», — деді депутат.

Ол отырысқа келген оқу-ағарту вице-министріне сұрақ қойды.

«Бүгінде оқу орындарында қыз балаларды инабаттылыққа, тәрбиелейтін қандай сабақтар өткізіліп жатыр? Ынталандыру шаралары бар ма?», — деді Анас Баққожаев.

Отправить комментарий