Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін өтемақы екі есе қысқартылды
Бұған дейін жергілікті билік тұрғындарға 200 АЕК көлемінде өтемақы төленетінін хабарлаған. Сондай-ақ ҚО әкімдігі де тұрғындарға берілетін бір реттік төлем сомасы 200 АЕК немесе 738 мың екенін жариялаған.
Ұзақ уақыт өтпей жатып белгісіз себептермен өтемақы 2 есеге, 100 АЕК-ке дейін қысқарып қалыпты. Оның үстіне президент те әлеуметтік көмек сомасы 100 АЕК болатынын айтқан, ал жұртшылық бұған наразылық білдірмепті. Әйткенмен қалалық әкімдік те, прокуратура да бұл жағдайға қатысты еш түсінік білдірмеді.
t.me/stankznews
Отправить комментарий