Прокуратура Әлия Назарбаеваға қатысты қылмыстық істі қайта тергейтін болды
Прокуратура Әлия Назарбаеваға қарсы «сотқа дейінгі тергеу жүргізуден бас тарту туралы” шешімнің күшін жойды. Тұңғыш президенттің кенже қызы рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталған қылмыстық іс Алматының экономикалық тергеу департаментіне берілді.
«Біздің компания «Әлем ЛТД» ЖШС есепшотына қаржылай көмек түрінде қаражат аударды. Бұл Luxor кешенінің (Wellness Club Luxor фитнес-орталығы) ішінара біздің қаражат есебінен салынғанын көрсетеді, оның мердігері Қайрат Оразбеков басқаратын «Элитстрой» компаниясы болды. Біз осы кешенді бізге беруді талап етеміз. Оны риэлторлар айтқандай 25 миллион долларға сатамыз», – деді бизнесмен Бимурзин.
Бизнесмен қаражаттың бір бөлігін су тасқынына қарсы күреске, зардап шеккен халыққа көмектесуге бағыттайтынын жеткізді.
t.me/stankznews
Отправить комментарий