Қауіпсіз қоғам құрудағы полиция мен халық арасындағы өзара сенімнің маңызы
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Азаматтардың тыныштығы мен заңды құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар тиімді болуы үшін полиция мен халық арасында өзара сенім мен тұрақты байланыс орнауы маңызды. Сенім бар жерде қауіпсіздік те нығайып, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары нәтижелі жүзеге асады.
Сауран ауданында полиция қызметінің басты бағыттарының бірі – тұрғындармен ашық қарым-қатынас орнату, азаматтардың мәселелерін тыңдау және олардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта полиция қызметкерлері ауылдық округтердегі тұрғындармен кездесулер өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша кері байланыс орнатуда.
Қазіргі таңда қауіпсіз қоғам қалыптастыруда азаматтардың белсенділігі ерекше рөл атқарады. Құқық бұзушылыққа куә болған немесе қандай да бір заңға қайшы әрекет туралы ақпарат алған тұрғындардың полицияға уақытылы хабарлауы – қылмыстың алдын алудың маңызды тетігі. Сондықтан халық пен полиция арасындағы сенімді байланыс құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, олардың орын алу себептерін жоюға да мүмкіндік береді.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Мысалы, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қорғау нұсқамалары шығарылып, ерекше талаптар белгіленіп, құқық бұзушыларға қатысты заң аясында шаралар қолданылуда.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда учаскелік полиция инспекторларының қызметі ерекше орын алады. Олар халықпен күнделікті байланыста болып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын зерделейді, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Мұндай тікелей байланыс полицияның халыққа жақын болуына және азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар ақпараттық ресурстар арқылы полиция қызметінің нәтижелері, заң талаптары және қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Интернет кеңістігіндегі ақпараттық сүйемелдеу азаматтарға құқықтық ақпаратты жылдам жеткізуге, заң бұзушылықтарға қарсы қоғамдық көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қауіпсіз қоғам құрудың маңызды шарты – тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімі. Сенім тек көрсеткіштермен емес, полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегі, азаматтарға деген құрметі және заң талаптарын әділ орындауы арқылы қалыптасады.
Сауран аудандық полиция бөлімі тұрғындармен өзара байланысты күшейту, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда. Полиция мен халықтың бірлескен әрекеті – құқықтық тәртіп орнаған, қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың басты кепілі.




Отправить комментарий