Сарыағаш ауданында 4 жастағы баланың денесі өзеннен табылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында 4 жасар бала үйінен ойнауға шығып,қайта оралмаған б аланың денесі өзеннен табылды.Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.
Оқиға 16-ыншы наурыз күні болған. Түскі уақытта үйінен ойнауға шығып кеткен — Әлихан есімді 4 жастағы балақай,үйіне қайта оралмаған.
Отбасы мен ауыл жұрты баланы іздегенімен таба алмаған.
Полицейлер мен Іздестіру тобы баланы 17-інші наурыз күні сағат 16:40-та үйінен 2 км шақырым жердегі өзеннен өлі денесін алып шықты.
Отправить комментарий