Түлкібас ауданында құбырға түсіп кеткен қыз жан тапсырды


Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майтөбе ауылының маңайында 29 жастағы қыз құбырға түсіп, қайта шыға алмай қалған.Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі Облыстық ТЖД-іне сілтеп хабарлайды.

Құбырға абайсызда құлап түсті ме?Жоқ әлде басқа жағдай болды ма ?

«Құбырға түсіп кеткен қыз» туралы хабар құтқарушыларға сағат 09:18 шамасында жеткен.Құбырдың тереңдігі 40 метр болған.

Құтқарушыларға куәгер жігіт, қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болып құбырға түскенін, әрі мас күйінде болғанын айтқан.

Құтқарушылар қызды құбырдан ес-түссіз халде шығарып алғанымен,жедел-жәрдем қызметкерлері қыздың көз жұмғандығын мәлімдеді.

Отправить комментарий