Шерзаттың өлімі: тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Жаңа қылмыстық іс күні кеше тарап кеткен видеоға байланысты қозғалған.
«Бұл видеоның әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін анықтауымыз керек», – дейді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Шерзаттың ісі бойынша өткен брифингте.
Қазіргі таңда Талғардағы төбелес бойынша күдіктілерден, куәгерлерден жауап алынды. Жәбірленуші тараптан бүгін жауап алынады.
Отправить комментарий