Тұманды түнде полиция 50-ге жуық көліктің жүргізушісінежәрдем беріп, жоғалған 5 бас малды иесіне қайтарды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы жолдарды патрульдеп, жүргізушілерге жәрдем беруде.
Мәселен Түркістан облысының полициясы 1 түнде тұманнанкөру мүмкіншілігі болмай жол жиегіне шығып кеткен 33 жеңіл және 14 жүк көлігіне көмектесті.
Кейбір жолда бұзылған көліктерді сүйреп шығарып, жақынмаңдағы автожөндеу орталықтарына жеткізді.
Ал жүк көліктердің басым бөлігі жолдың мұз болуынабайланысты жол жиегіне тұралап қалған.
Сонымен қатар тұрғындардың жоғалған 5 бас сиырыучаскелік инспекторлармен табылып, иелеріне қайтарылды.
Қазіргі таңда Түркістан облысында жолдар тазартылып, тұманбасылғанымен әлі де қауіп сейілген жоқ.
Себебі арнайы мамандардың айтуынша алдағы күндері таулыаймақтарға тағы да қар түседі.
Полиция қызметкерлері барша жолаушылар мен жүргізушілерге жолда мейлінше сақ болып, ережені сақтауғакеңес береді. Аса қажеттілік туындамаса ұзақ жолға шықпағандұрыс деп ескертеді.
Отправить комментарий