Талдықорғанда қыз зорлады деп сотталған экс-полиция басшысына тағы бір іс қозғалды
Талдықорғанда полиция департаментінің бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың зорлау құрбаны өз арызынан бас тартуын талап ету мақсатында жасалған 40 миллион теңгенің алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Бұл ретте сотталған экс-полицейдің әйелі жәбірленушіге емес, сот хатшысына қарсы арыз жазғаны белгілі болды.
«Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана менің қорғаушыма қатысты іс қозғалды. Сондықтан іс әлі сотта жоқ, бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру болғандықтан менің қорғауымдағы азаматтың мәртебесі қорғауға құқығы бар куәгер. Біз тікелей Күштібаевтың ағасына қатысты және сол ақшаны тікелей алып кеткен адвокат пен жәбірленушінің өзіне қатысты айғақтар бердік. Әзірге бәрі осы”, — дейді Талдықорған қалалық соты хатшысының мүддесін қорғайтын адвокат Олеся Чиняева.
Stan.Kz
Отправить комментарий