Талғарда Шерзаттың үйін өртегендер іздестіріліп жатыр — ІІМ
Алматы облысы Талғар ауданында бір топ жігіт 16 жастағы Шерзат есімді жасөспірімді дүкен алдында өлтіріп кеткен болатын.Бүгін,яғни 12 қазан сағат 02:00 шамасында, марқұмның әке-шешесінің үйін бәз біреулер өртеп кетті.ІІМ-нің бірінші орынбасары үйді өртеген қылмыскерлер іздестіріліп жатырғандығын айтты,деп хабарлайды Azatnews.kz.
Оқиғаға қатысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов жедел-тергеу тобы құрылып. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында екендігін айтты.
Сондай-ақ, Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып,кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын айтты.
Отправить комментарий