Түркістан облысында 27 жастағы полицей құқық бұзушыны ұстау кезінде қаза тапты
Полиция қызметкері құқық бұзушыны қуып бара жатып жол апатына түскен.
«5 наурызда «Жібек жолы-Жетісай» трассасында патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген құқық бұзушыны ұстау кезінде қайғылы қазаға ұшырады», — деп жазды ведомство.
Марқұмның артында әйелі мен баласы қалды.
Отправить комментарий