Түркістан облысында полиция 4 жылбұрын жоғалған қызды іздеп тапты
Түркістан облысының полицейлері 4 жылбұрын жоғалып кеткен қызды тауып, анасыменқауыштырды. Түркістан облысы Төлеби аудандық полициясы осыдан 4 жыл бұрын із-түссіз жоғалған жас қызды үздіксіз іздеунәтижесінде аман-есен тауып, анасыменқауыштырды. Осылайша талай жылдардытуған қызын күтіп, аңсаумен өткізген ақ жаулықты анаға сүйінші хабар жетті!
Нақтырақ айтсақ, 2021 жылдың жаз айындажергілікті тұрғын полицияға 16 жастағы қызының жоғалғанын айтып, арызданған. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылар барлық қажетті тергеу әрекетін атқарған. Бірнеше жылөтсе де тұрғынның арызы негізінде іздеу ісіжалғасып, нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар айында бір-бірінен көз жазып қалған анасы мен қызының кездесуіне ықпал етті. Әйел қуаныштың көз жасын жасыра алмады.
— Қызымнан хабарсыз қалып, нендейжағдайда екенін біле алмай жүрген күндер артта қалды. Көп рақмет сіздерге. Арасындаөздеріңізге де сенімсіздік білдірген едім, бүгін міне үмітім ақталып отыр. Сіздерге алғысым шексіз, — деген анасы көңілдегі шынайыризашылығын жеткізді.
Полиция жас қызды Алматы қаласындағы тамақтану орындарының бірінде жұмыс жасапжүрген жерінен тапқан. Бүгінде қыздың осыншауақыт қайда, не себеппен хабарсыз кеткенінанықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы жайт бойынша мұқият тергеужүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.
Отправить комментарий