Уақыт белдеуін өзгерту қазақстандықтардың денсаулығына әсер еткен жоқ
Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін ауруханаға келушілер санының артуы байқалмаған.
«Жаңа уақыт белдеуіне көшуді ғалымдар дәлелдеді. Аурулардың өсуі байқалмады», — дейді Есмағамбетова.
Айтуынша, адамдардың түн ұйқысы керісінше 1 сағатқа ұзарған.
Ал Сіз қандай да бір өзгерісті сездіңіз бе?⤵️
Отправить комментарий