Утиль алымын жою ескі көліктің қаптауына әкеліп соғады

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұқбатында осындай пікір білдірді. 

Қазіргі таңда Қазақстанда 5 млн-нан астам көлік бар.

Айтуынша, егер барлық кедергіні алып тастаса, елімізде ескі көлік қаптайды, бұл өз кезегінде экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеледі.

«Адамдардан «Сіз осындай ескі көліктерден бөлінетін зиянды газбен демалғыңыз келе ме?» деп сұрау керек. Барлық пікір ескерілуі қажет», — дейді Скляр.

▪️Айта кетері, өнеркәсіп министрлігі утиль алымын алып тастау бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобын бекітті.

Отправить комментарий