Дональд Трамп Құпия қызметтің жаңа басшысын тағайындады
АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылғы шілдеде өзіне жасалған қастандық кезінде батылдық танытқан Шон Карранды Құрама Штаттардың Құпия қызметінің басшысы етіп тағайындады.
Еске салайық, 2024 жылдың 14 шілдесінде Пенсильвания штатының Батлер қаласында Дональд Трампқа қастандық жасалған болатын. Қастандық кезінде Трамптың құлағына оқ тиген, ал митингке қатысқан бір адам қайтыс болды. Шабуыл жасаған 20 жастағы Томас Мэттью Круксты Құпия қызмет офицерлері оқиға орнында атып өлтірді.
Отправить комментарий