ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

«Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында 29 мектеп салынып жатыр. Шәуілдір ауылдық округінде 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров нысанды тексеріп, сапа мен кадрлық қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді. Мектеп «Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып, 115 жұмыс орны ашылады.

Отправить комментарий