Түркияда қонақүйдегі өрттен бір отбасының 14 адамы қаза тапты

Марқұм Зехра Сена Гүлтекин Turkish Airlines компаниясының сату бөлімінде жұмыс істеген. Ол өрт кезінде күйеуі, үш баласы және тоғыз туысымен бірге қаза тапқан. 

Өрт шыққан сәтте Зехра анасына телефон соғып, кешірім сұраған. Сосын «Анашым, өмірімдегі барлық нәрсе үшін кешірші» деп айтқан. Зехра қоңырау шалған кезде құтылуға еш мүмкіндік жоқ екенін білген. Отбасы мүшелері өрт басталған соң он минут ішінде қаза тапқан. 

Айта кетейік, қайғылы оқиға 22 қаңтарға қараған түні болған. Өрт Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйден шыққан. Сол кезде іште 234 адам болған.

Отправить комментарий