«Көмекті кірісіне емес, шығысына қарап беру керек»
Президент азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қарауды тапсырды.
«Себебі, мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар. Көмек тұратын үйі, тіпті, қымбат көлігі барларға емес, көмекке зәру адамдарға берілуі қажет», — деді Тоқаев.
Анықтама: 4,5 млн жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Бұл – шамамен еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Басым көпшілігі – еңбекке жарамды.
Отправить комментарий